Отзывы
10 отзывов
Басымды көтеріп, өткен өміріме бір көз жүгіртіп едім, бақандай 5 жыл өмірімнің еш нәтижесіз ем шараларды қабылдаумен өткенін ұқтым. «Болды! Осы жерден тоқтатамын, ендігіде ешқайда да, ешкімге де, бармаймында, қаранбаймында» — деп, қолымды бір-ақ сермедім.
Кундердің бір күнінде whatsapp мессенжері арқылы құрбым Мақпал видео қоңырау соғып тұр. Ал, енді қайттім! Бет-жүзім ауыстырып кие салатын киім емес, шешіп қоя салатын сақина емес. Қатты қысылдым. Сондағы ойым: жара басқан жүзімді көрсеткім келмегені ғой. Жүздеспегеліде арада 5 жыл өтіп отыр. Қал-жағдайын көргім-ақ келіп отыр. Нар тәуекел! Қоңырауына жауап бердім. Жағдай сұрасып, сәлем жолдап, арқа-жарқа болып, қуанып қалдық. Менің қуанып, әдемі сөйлегеніммен жағдайымның мәз емесекенін сөзсіз ұққан Мақпал екі күннен соң қайта хабарласты. Бұл жолы Мақпал маған істің тоқ етерін айтты. Өзі көптеген дертінен айығып, кереметтей шарапатын көргенін және ол кісінің мағанда көмек бере алатынын түсіндіріп, Жанар Кеңесқызының телефон номерін берді. Хабарластым, мән-жайды баяндадым. Ат терлетіп, жол жүрмей ақ, әлеуметтік желінің көмегімен бет әлпетімнің суретін және сараптама талдаудың нәтижесін жіберіп едім, ол кісі не бәрі 2 сағат ішінде менің диагнозымды анықтап, назначение жазып жіберді. Содан 1 ай, 10 күн аралығында 3 курс ем қабылдадым. Нәтижесінде 40 күнде жазылып, жүзім жарқырап шыға келді. Емделу барысында Жанар Кеңесқызы мені үнемі назарда ұстады. Көптеген пайдалы кеңестерімен бөлісіп отырды. Осы қысқа ғана уақыт аралығында менің тәнімді ғана емес, жанымды да қоса емдеді десем, артық айтқаным емес. Жанар Кеңесқызына айтарым тек қана алғыс! Мың алғыс!!!
Жанар Кенесовна специалист с большой буквы, высокой квалификации.