Дария. Екібастұз қаласы Мен Екібастұз қаласында тұрамын. Тамыз айының соңына қарай менің сол жақ аяғымның бақай жақ бөлігі ісініп, бірте-бірте үлкен өлшемді аяқ киімдер киіе бастадым. Онымен қоймай менің аяғым қатты күйіп қалғандай ашып ауырып, жанымды шыдатпайтын болды. Тамыз айының 30-да жергілікті травпункте бардым. Ондағы жас ер адам (Оқасов емес) маған "Сіздікі терапевтік ауруға жатады" деп мені қараудан бас тартты. Мен "Ең болмаса рентгенге түсірші" деп едім, "Сіз маған жұмыс істеуге бөгет жасап отырсыз" деп дауысын көтеріп, кабинетінен шығып кетті. Әр дәрігерге көрініп жүргенде, дертім де асқынып кетті. Диагноз да қойылмады. Ақыры, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Усинов мені Павлодардағы сосудистый хирург Сәбит Жүсіповке жолдамамен жіберді. Мың болғыр, Сәбит Мүтәлапұлы жай хирург емес, медицина ғылымдарының кандидаты екен. Сабырлы, сыпайы адам екен. Менің аяғымды қарап, "Лимфостаз" деген диагноз қойды, ем-домын жазып берді. Мен Сәбит Мүтәлапұлының емін қабылдап, айналдырған 10 күннің ішінде ауруымнан құлан-таза жазылдым. Сәбит Мүтәлапұлы, жақсылығыңыз Алладан қайтсын! Бала-шағаңыздың, осы адал еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Мың алғыс сізге!