Сауле Досаева Дәрігердің еңбегі орасан зор,
Барша адамға шуағын шашатын ол.
Адам жаны ауырса емдейтін тек,
Бір Алладан кейінгі жанашыр сол.
Гульзара Абдулаевна сізге менің,
Тілегім де алғысым да шексіз еді.
Қызметте осылай жүріңізші,
Қатарында тек болғайсыз үздіктердің.
Кардиолог врачсыз бұл күні сіз,
Әрдайым қараламыз шын сізге біз.
Алланың нұры жаусын өзіңізге,
Бар жақсыны тілеймін сізге мен шын.
Ауырмаңыз өзіңіз де Гульзара жан,
Басыңыздан кетпесін ешқашан бақ.
Деніңіз сау жүргейсіз, аман болып,
Мейірімді жансыз ғой көңілі пәк!
Құрметті, Пархатова Гульзара Абдуллаевна сізге ерекше алғысымды білдіргім келіп отыр. Себебі апамыз Даркенбаева Майра Айтекеқызын жақсы қарап, өзінің дәрігерге тән жақсы қасиеттерін іс-жүзімен көрсете алды. Осындай білікті де, білімді, жанашыр, мейірімді дәрігерлердің барында біздің Қазақстанның медицина саласы жақсы дамиды деген ойдамын. Гульзара Абдуллаевна жұмыста еңбегіңіз жана берсін! Алдағы уақытта сіз сияқты мейірбан дәрігерлердің саны арта берсін! Ұлттың денсаулығы жақсы болса, онда біз бақытты елміз! Ал, сол ұрпақтың денсаулығына алаңдайтын, ұлттың қамы үшін аянбай тер төгіп осы салада жүрген жанашыр дәрігерлердің алдында біз қарыздармыз. Сондықтан да, әрбір ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз! Аман болыңыздар!