Неонатолог отзывы в Актау

Отзывы неонатологи Актау, народный рейтинг врачей, 4 отзыва пациентов, врач неонатолог поиск по отзывам пациентов, напиши свое мнение.

"Тойдык Султанбаевна была "нашим" врачом, когда наш сын был еще маленький. Ему уже 14 лет, а всегда добрым словом вспоминаем Тойдык Султанбаевну, очень знающий, чуткий, замечательный врач."
"Құрметті Рима Тарғынқызы!!!

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде жаңа туылған балалардың жан сақтау бөлімінің басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Осы аз уақыттың ішінде мен Сізді -өзіңіз басқарып отырған ұжымға,және басқа да жандарға,үлкенге ілтипатты сіңлі, кішіге қамқор апа,қатарластарыңызға адал дос-құрбы бола білген ізгі жүректі азаматша ретінде , еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтып таныдым. Өзіңізге және де Сіз басқарып отырған ұжымның тынымсыз еңбек етіп отырған қыздарына деген алғысымыз шексіз!!! Барлықтарыңызға қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын отбасымызбен ақ қөңілмен,шын жүректен тілейміз!Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп,мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыздың ортасында баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!!!
"