Илебаева Айнагуль Згарбековна Бұл мақаламды Талдықорған қалалық
емханасының меңгерушісі
Анарбек Манғолханұлына арналады.
Ел мақтанышы Анарбек Манғолханұлы.
Соңғы кездері адамдар арасындағы қарым-қатынастың айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны баршаға аян. Адам-адамға түсіністікпен қарайтын заман да алыстап кеткені сөзсіз. Бұл орайда халыққа қызмет көрсететін, ел игілігі үшін күнделікті өмірге аса қажетті мамандықтардың алатын орны ерекше. Алайда өз мамандығына лайық емес, мамандығының қыр сырына жауапкершілікпен қарайтындар жоқтың қасы екені алаңдатарлық жағдай екеніне көзім жетті. Олай дейтінім мен жол апатынан зардап шегіп, түрлі қиындықтарды бастан кешкеніме сегіз жыл өтті. Аяғым бір рет жол апатынан сынғанымен қалған екі ретінде емнің дұрыс болмағанының зардабынан сынды. Мен бұл ретте дәрігерлерді кінәлаудан аулақпын, алайда олардың өз мамандықтарын толық меңгере алмағаны өкінішті.
Соңғы сынықтан кейін маған көмек көрсетуден бірнеше дәрігер-оташылар ашық бас тартты. Сол кезде Талдықорған қаласында адамдарға жанашырлықпен қарайтын,өз мамандығының қас шебері, жауапкершілігі жоғары бір азамат бар дегенді естіп,емделуге жол тарттым. Барған кездегі арамызда болған сұхбаттан-ақ ел мақтауы бекер еместігіне, адамгершілікпен жауапкершілікті бәрінен жоғары ұстайтын, нағыз білікті маман екеніне көзім жетті. Ел мақтаған Анарбек Монғолханұлының маған да шапағаты тиетініне көзім жетіп, осы аурудан айығатыныма сенімді болдым. Расында да емдеу барысында Анарбектің науқастармен қарым-қатынасына, жұмысқа деген жауапкершілігінің жоғары екеніне риза болдым. Анарбектей нағыз жан ашыр, елге сүйеу боларлық азаматтар көп болса нұр-үстіне нұр болар еді. Осындай баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген анасына алғыс айтамын.
Әрине Анарбек жайлы айтылған елдің мақтау сөздеріндей сөз тауып айта алмаспын. Алайда ризашылығымды бір-екі шумақ өлеңмен жеткізсем деймін.
Азаматсың ел үмітін ақтаған,
Адамдықты қойған биік басқадан.
Мамандығын шын сүйетін ер десіп,
Өзінен кеп ем алғандар мақтаған.
Шипалы қол ер жүректі Анарбек
Айтар алғыс,мақтау,теңеу саған көп.
Мен сияқты емнен күдер үзгендер,
Жазыла берсін шипа сұрап саған кеп.
Шеберлігің күннен күнге жетіліп,
Дами берсін мерейіңді өсіріп.
Бала-шағаң көп болсын деп өзіңдей,
Мен құдайдан шын тілеймін өтініп.
Алматы облысы Илебаева А.З