Ата-ана Берик Кабеновичке алғысым шексіз. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. 1000 балада бір кездесетін ұл баланың мүшесі жайлы операцияны тек осы адам жасап бәрімізді қуантты. Астанадағы бала мен ана орталығындағы эндокренолог және урологтар шошытып, Қазақстанда мұндай ота жасалмайтындығын айтты. Ресейде немесе Жапонияда жасалады деп бетімізді қайтарған. Академик және медицина докторлары өз жағаларын ала қашып, таңқалған дәрігерлер түкке тұрғысыз диагноздар қойып еді. Отбасымызбен қаражат іздеп жүргенде осы адаммен бізді кездестірген апайға да алғысымыз шексіз. Құдай сақтасын балапандарымыз ауырмасын, бірақ бүйрек немесе несіп жолдары ауырған балапандардың ата-аналарына айтарым тек Берик Кабеновичке жолығыңыздар. Мұндай дәрігер көрмеппін. Өте жауапкершілігі мол, барлық жайтты нақты, ашық айтып береді. Көбі дікіндеп лауазымын жоғары қояд. Кабенович өте қарапайым, қолы алтын. Бізге бір емес төрт ота жасады. Берик Кабенович сізге ұзақ өмір, 100 жасауыңызға тілектеспіз.