Ибрагимова Кундыз Осыдан бірнеше ай бұрын жағдайым қатты ауырлап (бас айналып, үздіксіз құсып, тепе-теңдік жоғалып, төсек тартып жатқанымда) қаншама дәрігерлер келіп, аурудың себебін анықтай алмаған еді. МРТ нәтижесін 1 қалалық көпбейінді ауруханасының "Нейрохирургия" бөлімінің меңгерушісі Досжанов Бақытжан Тұрарбекович көріп, бірден диагнозымды анықтады. Диагноз - гидроцефалия. Тез арада ота жасау керектігін айтты.
Осы орайда "Нейрохирургия" бөлімінің меңгерушісі Досжанов Бақытжан Тұрарбекович пен бөлім дәрігерлерінің еңбектеріне тәнті екенімді айтып, рақметімді айтқым келеді. Солардың ішінде нейрохирург Куралбаев Алмаз Куатовичке ерекше алғысымды білдіремін. Алмаз Куатовичтің сауаттылығы мен кәсібилігінің арқасында операция сәтті өтті. Қазір жағдайым жақсы (Аллаға шүкір). Бірінші Алланың, екінші сәтті жасалған отаның нәтижесінде өмірім қалыпты жағдайға түсті. Менің басыма түскен жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілеймін.
Алмаз Куатович, сіз жас болсаңыз да нағыз кәсіби мамансыз. Сізге отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін. Әрқашан биіктерден көрініңіз. Сіз үшін тілекшімін.