Гость Құрметті Сания Нұртасқызы сіздің еңбек жолындағы адал қызметіңіз, Қазақстан азаматтарының денсаулығына қосқан үлесіңіз, Саламатты Қазақстанның өркендеуіне сіңірген еңбегіңіз, жеке тұлға ретіндегі адамгершілігіңіз үшін аса үлкен ризашылығымызды білдіріп басымызды иеміз. Басты байлық - денсаулық саласындағы жауапкершілігіңіздің жемісін көріп, шығармашылықпен шабыттанып шыңдала беріңіз. Сіз басқарып отырған емхананың жұмыс жүйесі өте көңілге қонарлықтай жұмыс жасап жатыр. Заман талабына сай жабдықталған заманауи техника мен технологияның жетістіктерін көріп жүргенімізге ризамыз. Емхананың білікті те білімді мамандары халықтың денсаулығына жауапкершілікпен қарап өз қызметтерін атқаруда. Бұл сіздің басшы ретіндегі білімді маман, мықты тұлға екеніңіз сөзсіз. Қазақстанның жаһандану үрдісіне қосқан үлесіңіз өте зор деп білеміз және елімізде осындай маман, басшы тұлғалардың бар екеніне қуанып мақтанышпен айта аламыз. Əрдайым адал еңбегіңіз бағаланып жемісін көре беріңіз, отбасыңыз аман болып, халықтың алғысына бөленіп ұзақ ғұмыр сүруіңізге алла нәсіп етсін. Сіз сияқты қызметтегі тұлғаларымыз көп болса Қазақстан 30 елдің ортасынан ойып тұрып орын алары, еліміздің əл-ауқаты мықты болары сөзсіз.